«Достық» жазғы сауықтыру лагерінде әр күн қызықты әрі көңілді өтуде. Балалар таңертеңгі жаттығудан бастап, таза ауада түрлі ойындар ойнап, серуендейді. Күн сайын қызықты үйірмелерге қатысып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Спорттық жарыстар мен көңілді сайыстарға белсене қатысып, жаңа достар табуда.
Лагерь бағдарламасы балалардың демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуге бағытталған. Көлге шомылып, табиғат аясында уақыт өткізу балаларға ерекше қуаныш сыйлайды. Әр күн жаңа әсерлерге, жарқын эмоциялар мен ұмытылмас сәттерге толы. Сондықтан «Достық» лагеріндегі демалыс балалар үшін есте қаларлықтай қызықты өтуде.
«Достық» жазғы сауықтыру лагерінде әр күн қызықты әрі көңілді өтуде















