Жазғы демалыстың тағы бір қызықты күні де өте шықты. «Достық» лагеріндегі балалар әр күн сайын жаңа достар тауып, бір-бірімен жақын араласып келеді. Қайтатын уақытта олар ертеңгі кездесулерін асыға күтіп, көтеріңкі көңіл-күймен қоштасты.
Бүгінгі күннің ең қызықты сәттерінің бірі – «Супер отбасы» («Суперсемейка») мультфильмін тамашалау болды. Балалар мультфильм кейіпкерлерінің қызықты оқиғаларын үлкен әсермен көріп, өздерінің сүйікті кейіпкерлері туралы пікірлерімен бөлісті.
Көңілді күн көлде шомылумен жалғасты. Таза ауа, жарқын күн сәулесі мен судағы ойындар балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Барлығы көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізіп, жазғы демалыстың тағы бір тамаша күнін естелікке айналдырды.
Жазғы демалыстың тағы бір қызықты күні де өте шықты















