Былтырғы жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, биыл мектебімізді 10 түлек бітіріп шықты: оның 6-уы фортепиано сыныбы бойынша, ал 4-еуі домбыра сыныбы бойынша өнер нәрін сусындады. Жылдар бойғы қажырлы еңбек, дайындықтар мен сахналық толқыныстар өз жемісін берді!
Жас музыканттарға ақ жол! Музыка әлемінде алған білімдеріңіз өмірлік серік болып, жаңа белестерді бағындыруға көмектессін. Ешқашан армандаудан және алға ұмтылудан талмаңыздар. Қадамдарың құтты, жолдарың ашық болсын, қымбатты түлектер!
Бүгін Орталықта ерекше әрі толқынысты сәт — түлектерімізге музыкалық бөлімді бітіргені туралы Куәліктерді табыстау рәсімі өтті!















