Жазғы лагерімізде балалар бояулар мен қиялдың көмегімен ерекше суреттер салып, шығармашылық қабілеттерін дамытатын қызықты үйірме «Көңілді бояу іздері», Әр бала өз ойын қолөнер, сурет және түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы жүзеге асыратын шеберлік алаңы «Шығармашылық шеберхана», Балалар ырғақ әлеміне саяхат жасап, түрлі аспаптардың көмегімен әуен құрастыратын музыкалық ойын «Шулы оркестр», лагерьдегі қызықты сәттерді еске түсіретін әсем кәдесыйларды өз қолымен жасау үйірмесі «Кәдесый» , Ойлау қабілетін, зейінділік пен тапқырлықты дамытатын зияткерлік ойын «Дойбы» , Әр халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрін ұлттық ойындар арқылы танытатын танымдық бағдарлама «Әлем халықтарының ойындары», ептілік, шапшаңдық және төзімділікті шыңдайтын қызықты спорттық сайыс «Кедергілер жолағы», күш-қуатты, тәртіптілікті және өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыратын спорт түрі «Таэквондо». Балалар өз армандары мен қиялдарын сурет арқылы жеткізетін шабытқа толы шығармашылық сағат «Арманыңды бейнеле», ән айту арқылы балалардың өнерін шыңдап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын қызықты музыкалық шара «Караоке» сынды аталған ойын сағаттары балаларға ұмытылмас көңіл –күй сыйлау мақсатында жұмыс жасап жатыр.
Жазғы лагерімізде балалар бояулар мен қиялдың көмегімен ерекше суреттер салып, шығармашылық қабілеттерін дамытатын қызықты үйірме «Көңілді бояу іздері»















