«Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы жанындағы «Достық» жазғы сауықтыру лагерінің «Шағала» тобының балалары Приозерск қаласындағы "06708" әскери бөлімге экскурсия жасап, сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Әскери бөлім ауласындағы әскери техникаларды көрген балалардың қуанышында шек болмады. Олар сарбаздардың демалыс орындарын, асханасын аралап көріп, әскери қызметтің ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтер алды. Экскурсиядан кейін алған әсерлерімен басқа топтағы достарымен бөлісті.
Балаларға танымдық әрі әсерлі кездесу ұйымдастырған әскери бөлім қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!
«Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы жанындағы «Достық»















