Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

1 маусым күні «Достық» орталығында Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
1 маусым күні «Достық» орталығында Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Балаларды қорғау күні – балалардың біздің болашағымыз, қуанышымыз бен үмітіміз екенін еске салатын мейірімді де жарқын мереке. Әрбір бала бақытты балалық шаққа, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке және жарқын әсерлерге лайық. Мерекеге орай балалар үшін мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында көңілді флешмоб өткізіліп, балалар асфальтқа сурет салып, өздерінің қиялы мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мерекелік көңіл-күй көтеріңкі дискотекамен жалғасты. Сонымен қатар, балалардың сүйікті мультфильм кейіпкерлері мерекеге ерекше сән беріп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен шаттық сыйлады.