Сахна төрі тағы да сиқырлы әуенге толып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Бұл концерттің біздің түлектер үшін маңызы өте зор. Алда келе жатқан жауапты мемлекеттік мамандық емтихандарының алдында мұндай жауапты сахналық тәжірибе балаларға үлкен көмек болады. Ең жақын әрі ең талапшыл көрермендер — өз ата-аналарының алдында өнер көрсету арқылы оқушыларымыз сахналық қорқыныш пен артық толқуды жеңуді үйренді. Енді олар үлкен емтиханға батыл әрі сенімді қадам баса алады.
Кеше музыка бөлімінде жоғары сынып оқушылары мен түлектеріміздің ата-аналарға арналған есептік концерті өтті.















