Бұл оқиға — балалардың жыл бойғы қажырлы еңбегі мен ізденісінің қорытындысы. Жас музыканттарымыз сахнада өздерін нағыз кәсіби мамандардай көрсетіп, күрделі бағдарламаларды жоғары деңгейде орындап шықты. Әрбір шәкіртіміз толқуды жеңіп, өз өнерлерін шеберлікпен паш ете білді.
Музыка бөлімінде 1-6 сынып оқушыларының арасында дәстүрлі академиялық концерттер сәтті аяқталды!















