Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

Жайықты қорғау – ортақ міндет
Жазғы лагерь демалушыларына Жайық өзенінің экологиялық мәселелері, олардың туындау себептері мен өзен экожүйесін қалпына келтіру жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Іс-шара барысында су ресурстарының ластануы, биоалуантүрліліктің азаюы, жағалау аумақтарының өзгеруі және климаттық факторлардың әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жаңашыл идеялар мен бастамалардың маңыздылығы түсіндірілді. Түсіндіру жұмыстары кезінде «Навстречу Уралу» жобасы аясында дайындалған графикалық суреттер мен ақпараттық материалдар көрсетілді. Көрнекі материалдар арқылы Жайық өзенінің табиғи ерекшеліктері, экологиялық жағдайы және оны сақтау жолдары кеңінен таныстырылды. Лагерь демалушылары суреттер бойынша өз пікірлерін білдіріп, кері байланыс жасады, сондай-ақ табиғатты қорғау, су ресурстарын тиімді пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.