Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

Экологиялық акцияға белсенді қатысу – табиғатқа деген жанашырлықтың көрінісі
"Қазақ тілі мен әдебиеті" және "Вдохновение" үйірмелерінің тәрбиеленушілері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық акцияға белсене қатысып, өздерінің азаматтық жауапкершіліктерін көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты – табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастарды тазалық сақтауға шақыру болды. Акция барысында қатысушылар белгіленген аумақты қоқыстан тазартты. Үйірме жетекшілері экологияның маңыздылығын түсіндіріп, қоршаған ортаны қорғау әрбір адамның міндеті екенін атап өтті. Мұндай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың экологиялық санасының қалыптасуына ықпал етеді. Акция соңында қатысушылар табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз деген қорытындыға келді.