Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

14 наурызда «Балбырауын» және «Жалын» домбыра ансамбльдері үлкен табыспен өткен есеп беру концертін ұйымдастырды.
14 наурыз күні «Балбырауын» және «Жалын» домбыра ансамбльдерінің есеп беру концерті жоғары деңгейде өтті. Ансамбльдердің көркемдік жетекшісі – Нұртаева Айман. Концерт барысында сахнада 80 оқушы өнер көрсетті. Бағдарламада қазақтың белгілі күйлері орындалып, ансамбльдік шығармалармен қатар жеке орындаушылардың да өнері ұсынылды. Көптеген жылдар бойы концертмейстерлер Ахатаева А. мен Волкова Е. сахнада бірге өнер көрсетіп, шығармашылық ұжымның ажырамас бөлігіне айналды. Есеп беру концерт көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ұлттық өнердің құндылығын тағы бір мәрте айқындады.