Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

Қаламыздың жас спортшылары
2026 жылдың 16-шы ақпан күні «Достық балалар және жасөспірімдер» орталығының дзю-до үйірмесінің оқушылары №2 ЖББ мектебіне «Қаламыздың жас спортшылары» тақырыбындағы кездесуге шақырылды. Аталған іс-шара барысында мектептің орта буын оқушылары біздің дзю-дошыларды құрметпен күтіп алды. Тақырыпқа сай үйірме дзю-дошыларының жетістіктері және дзю-до спортының тарихы туралы айтылды. Оқушылар көкейіндегі сұрақтарына толық жауаптар алды. Кездесу соңында дзю-до үйірмесінің оқушылары дзю-до жаттығуларының тәсілдерін көрсетті. Кездесу мектеп оқушыларына дзю-до спортына деген қызығушылықтарын арттырды деп ойлаймыз.