«Трансформация» және «Көшбасшылар метебі» клубтарының мүшелері «Ерекше мінезді Аска» атты шағын қойылымды ұсыну арқылы алғаш рет сахнаға шықты.
19 ақпан күні «Перевоплощение» және «Көшбасшылар мектебі» үйірмелерінің қатысушылары алғаш рет сахнаға шығып, «Аська-сумасбродка» атты шағын спектакльді көрермен назарына ұсынды.
Қойылым жасөспірімдердің өмірі туралы, сондай-ақ қатарластарын шебер түрде өз дегеніне көндіретін, мінезі тентек қыздың оқиғасын баяндайды. Спектакльдің негізгі желісі оның өз мақсатына, әсіресе достық пен алғашқы сезімдерге қатысты армандарына кез келген жолмен жетуге ұмтылысы төңірегінде өрбиді. Бұл жасөспірімдердің өзін-өзі тануы мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру тақырыбын қозғайтын әсерлі қойылым болды.
Жас әртістер өз кейіпкерлерінің бейнесін шынайы сезіммен, үлкен шабытпен сомдап, көрермендерге жарқын эмоциялар сыйлады. Қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, көпшілік оның қайта қойылуын сұрады.
Келесі спектакльдерде қайта қауышқанша!















