Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

Төтенше жағдайдың алдын алу ұсақ-түйекке мән беруден басталады.
Өмірде ең жиі кездесетін қауіптер мен олардан сақтану адамзаттың ең алғашқы міндеті. Өрттің алдын алу, электр қауіпсіздігі,жол-көлік қауіпсіздігі және тұрмыстық қауіпсіздік. Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК педагогі Е. Турмаханов балалармен «Күнделікті өмірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – балаларға күнделікті өмірде кездесуі мүмкін қауіптердің алдын алу жолдарын түсіндіріп, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Әңгіме барысында төтенше жағдайлардың алдын алу қарапайым ережелерді сақтаудан басталатыны айтылды. Өмірде жиі кездесетін қауіп-қатерлерді дер кезінде байқап, олардан сақтану – әр адамның басты міндеттерінің бірі екені түсіндірілді. Педагог өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жол-көлік қауіпсіздігі және тұрмыстық қауіпсіздік ережелеріне ерекше тоқталып, балаларға қауіптің алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Түсіндіру жұмысының соңында оқушылар қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде сақтау – өз өмірі мен айналасындағылардың өмірін қорғаудың маңызды кепілі екендігін түсінді.