Буллингтен қорғану: өзіңізді және айналаңыздағыларды қорғаңыз.
Приозерск қаласы білім бөлімінің « Достық» балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК педагогы Ж.Купяшаров және Б.Умбеткуловтар «Буллингтен қорғану- өзіңді және өзгелерді қорғау» тақырыбында балалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында балаларға Буллингтің түрлері,
Физикалық буллинг – ұрып-соғу, итеру, заттарды тартып алу немесе бүлдіру.
Вербалды буллинг – балаға тіл тигізу, қорлау, мазақ ету, үркіту.
Әлеуметтік буллинг – баланы қоғамнан оқшаулау, достарынан айыру, әдейі топтан тыс қалдыру.
Кибербуллинг – интернет пен әлеуметтік желілерде балаға қысым көрсету, қорқыту, беделін түсіру.
Буллингтің салдары
Буллинг құрбаны болған балаларда мынадай мәселелер туындауы мүмкін:
Өзіне деген сенімсіздік және өзін-өзі төмен бағалау;
Үрей, күйзеліс, депрессия;
Оқуға деген ынтаның төмендеуі;
Достарымен және отбасы мүшелерімен қарым-қатынастың нашарлауы;
Өзін-өзі зақымдау немесе суицид туралы ойлар.
Буллингтің алдын алу жолдары
Буллингтің алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер және балалар бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Біз бүгін оның негізгі әдістері туралы жаздық:
Ата-аналар үшін кеңестер:
Баламен ашық сөйлесу. Баланың мектепте немесе интернетте қандай жағдайларға тап болатынын біліп отыру керек.
Қолдау көрсету. Егер бала буллингке ұшыраса, оны кінәламай, керісінше, қолдау көрсетіп, бірге шешім табуға көмектесу керек.
Өзін-өзі қорғау дағдыларын үйрету. Балаға сенімді сөйлеуді, қоқан-лоқы жасаған адамдарға дұрыс жауап қайтаруды және қажет болған жағдайда көмек сұрауды үйрету маңыздылығы туралы айтылды















