Приозерск қаласындағы «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының нұсқаушысы Жоламан Құпяшаров оқушыларға спорттық жаттығулар кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде сабақ өткізді.
Приозерск қаласы «Достық» балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығының педагогі Купяшаров Жоламан оқушыларға қауыпсіздік техникасы туралы тәрбиелік сағатын өткізді.
Жалпы спорттық зақымдардың ішінде жиі кездесетіндері – соғып алу, бұлшық еттер мен сіңірлердің созылуы, жыртылуы, үзілуі. Бұлар жабық жарақаттарға жатады. Жабық дейтін себебі теріде жара болмайды. Ашық спорттық жарақаттардың ішінде жиі кездесетіні – терінің сыдырылуы, сызаты.Спорттық жарақаттардың тоқсан пайызы жеңіл жарақаттарға жатады, ал орташа жарақаттар тоғыз пайыз шамасында болса, ауыр жарақаттар бір пайыз көлемінде кездеседі. Жаттығу сабақтары мен жарыстарды үйымдастырудағы қателіктер. Бұл себептер барлық спорттық зақымдардың сегіз пайызға дейінгі көлемін құрайды. Олардың ішінде бастылары: оқу-жаттығу сабақтарын жүргізу туралы нұсқауларды бұзу, қауіпсіздік ережелерін сақтамау, жарыс жоспарын дұрыс жасамау. Зақымдануға себепкер болатын қателіктерідің тағы бір түрі: бірге жаттығатын топ ішіндегілердің дайындықтарының, машықтығының, жасының, жынысының, дене салмақтарының әр түрлі болуы; жаттығу сабағында жаттықтырушының болмауы; бір жаттықтырушының қол астында тым көп кісінің жаттығуы; бір жерде әр түрлі жаттығулар өткізу, т.б.















