Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

2026 жылғы 2 ақпанда Мурадов Руфат Арифұлы оқушылармен «Қоғамдық мүлікті қорғаңыздар» тақырыбында тәрбиелік әңгіме өткізді.
Әңгіменің негізгі мақсаты – ортақ игілігімізді болашақ ұрпақ үшін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында балалар белсенділік танытып, тақырыпқа қызығушылықпен қатысып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды. Қоғамдық мүлікті қорғау – тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау екені түсіндірілді. Бізді қоршаған ортаға құрметпен қарап, қоғамдық мүлікті көздің қарашығындай сақтап, әрдайым игі істер жасауға ұмтылайық!