Бұл іс-шара жапон асханасымен қызықты әрі ерекше дәмді танысуға мүмкіндік берді.
Шеберлік сабағын «Көшбасшылар мектебі» үйірмесінің тәрбиеленушісі Темірғазиев Руслан жүргізді. Ол қатысушыларға онигиридің шығу тарихы, оның жапон мәдениетіндегі орны туралы қызықты мәліметтер айтып, тағамды дайындау тәсілін кезең-кезеңімен көрсетті.
Тәжірибелі жетекшінің көмегімен әрбір қатысушы өз қолымен онигири дайындап, оған қажетті ингредиенттермен қатар көтеріңкі көңіл күй мен шығармашылық ықыласын да қоса білді.
Шеберлік сабағы жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар ерекше әсер алып, жаңа білім мен тәжірибе жинақтады. Тіпті қатысушылардың бірі бұл іске қатты қызығып, сабақтан кейін қажетті азық-түліктерді өзі сатып алып, рецептті үй жағдайында қайта дайындап көрді.
Бұл – тек бастамасы ғана! Алда тағы да көптеген қызықты шеберлік сабақтары мен жарқын кездесулер күтіп тұр. Біздің жаңалықтарымызды бақылап, командамызға қосылыңыздар! Сіздерді әлі талай қызықты жобалар мен пайдалы тәжірибелер күтеді!
31 қаңтар күні жапонның дәстүрлі тағамы — онигири дайындау бойынша алғашқы шеберлік сабағы өтті















