Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК
0

Салтанатты рәсім
23 желтоқсан күні Приозерск қаласында жаңа спорт клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Приозерск қаласының әкімі Ахметов Мансұр Талғатұлы, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Сапиев Серік Жұманғалиұлы, сондай-ақ Приозерск қалалық мәслихатының төрағасы Исатаев Алтай Нәсіпбекұлы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді. Іс-шараның ерекше атмосферасын "Балбырауын"домбырашылар ансамбліміздің өнер көрсетуі айқындады. Ансамбль салтанатты ашылу рәсіміне зор мақтанышпен қатысып, домбырамен орындалған ұлттық әуендер мерекені көркейтіп, көрермендерге жарқын әсер сыйлады.