Академиялық концерт
23 желтоқсан күні музыка бөлімде академиялық концерт өтті. Концертке 1-6 сыныптарының оқушылары қатысып, өздерінің білім деңгейі мен орындаушылық шеберлігін көрсетті.
Әрбір оқушы полифониялық шығарма мен пьеса орындап, дайындықтарының жоғары екенін дәлелдеді.
Барлық оқушылар емтиханды жақсы тапсырып, оң нәтиже көрсетті. Оқушыларды және ұстаздарды құттықтаймыз, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!















