Концерттік бағдарламаға көркемөнер бөлімінің барлық үйірмелер мен музыкалық бөлім қатысты. Сахнадан шырқалған жаңа жылдық әндер залды мерекелік көңіл-күйге бөлесе, серпінді билер көрермендерге қуат пен шаттық сыйлады, ал нәзік те әсерлі фортепианолық номер концерт бағдарламасының көркем безендірілуіне айналды.
Барлық өнер көрсетулер жаңа жылдық атмосфераға толы болып, көрермендерге қуаныш пен жылулық сыйлады. Бұл концерт оқу жартыжылдығының әдемі қорытындысы болып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Барлық қатысушыларға, ұстаздар мен ата-аналарға шығармашылық еңбегі мен қолдауы үшін алғыс білдіреміз!
27 желтоқсан күні бірінші жартыжылдықтың қорытындысы ретінде өткен жаңа жылдық есептік концерт жарқын әрі мерекелік көңіл-күйде өтті.















