«Абай күні»
Ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың мол мұрасын ұлықтау мақсатында «Абай күні» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кештің басты мақсаты – жас ұрпаққа Абайдың рухани әлемін танытып, оның өлеңдері мен қара сөздері арқылы адамгершілікке, білімге, еңбекке баулу болды.
Әдеби кеш барысында Абайдың жүрекке жетер лирикалық өлеңдері мәнерлеп оқылып, терең философиялық қара сөздерінен үзінділер ұсынылды. Білім алушылардың Абай шығармаларын жүрекпен ыстық ықыласпен жеткізгендері көңіл қуантатын әсер қалдырды.Абай әндері әсем әуенмен шырқалды. Қатысушылар ұлы ойшылдың әрбір сөзі бүгінгі қоғам үшін де өзекті екенін терең сезінді.Кеш ұйымдастырушысы Гүлжайна Келдибаевнаға шығармашылық табыстарыңыз көп болсын дейміз















